Шахмат — бұл ойын баланың ойлау қабілетін арттыра түседі. Ол кезкелген жағдайға әр қырынан қарауға, әдеттен тыс шешім қабылдауға көмектеседі. Шахмат шығармашылыққа баулыйды.
Каратэ — балаларды төзімділікке, ептілікке, күш-қуатты дұрыс жұмсауға, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге үйрететін спорт түрі. Ол сонымен қатар баланың өзіне деген сенімін арттыра түседі
Би үйірмесі — бұл дене икемділігін дамытудың тамаша тәсілі және баланың дұрыс дене қалпын қалыптастырады, өзіне сенімді, көңіл-күй көтеріңкі, ашық жүреді.
Ағылшын тілінде айызекі сөйлеу — ағылшын тілін жан-жақты меңгеру баланың есте сақтау қабілетін арттырады. Тек сөздерді жаттап қана қоймай, ауызекі сөйлеу кезінде дұрыс пайдалана алады. Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу сабағында шел елдің азаматы сабақ береді.
Домбыра — домбыра үйрену арқылы баланың тыңдау қабілеті жоғарылап, музыкалық іс-әрекеттер көмегімен жүрегіне шынайылықты, адамгершілікті ұялатады. Тұлғаның эмоционалды қырларын ашады.